• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2018

Баянауылдан атты экспедиция жолға шықты

539 рет
көрсетілді

Ат үстіндегі тарихи- танымдық топ мүшелерін облыстық мәслихат депутаты Орал Сартаев бастап барады. Мақсат-жалпы еліміздің өңірлерін, ауылдарын  атпен аралауға болатынын көрсету. Жастармен кездесіп, ұлттық ат спорты түрлеріне қызықтыру.

Топ  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында қасиетті жерлерді аралау мақсатында жолға шықты.

Былтыр «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай «Ұлыларға тағзым»  аталатын атты экспедиция Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин ауылдарына барып, тағзым етті. Аймауытов ауылында көкпардан жарыс өткізді. Осы ауылдардағы Күреңбай сыншының зираты, Қабылбек, Қазірет қорымдарына, Майлы тондардың ескі зиратына, Нұрғали молланың медресесі болған орынға, Қосым Пішембаевтың зиратына дұға оқыды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарынша, биыл экспедиция Жаңатілек ауылындағы Жаяу Мұсаның зираты, Тотия ана зираты, Қазыбек бидің сөре тасы, Құндыкөл ауылындағы Әбжалап диуана, Түркілердің табыну  орнына,  Мәшһүр Жүсіптің кесенесі, Жыланды қыстағындағы Абай-Ділда қажы зиратына барып тәу етіп, керекті мәліметтер жинап, суретке түсіреді.  6 мамыр күні  жол түссе Ескелді ауылынан  шығып, Екібастұздың Ә. Марғұлан ауылына жетеді. 8 мамыр күні Бозтал ауылынан  аудан орталығы Ерейментауға  жетеді. Атты экспедицияда  6 адам бар. Атты сапар 5-11 мамыр аралығына арналған. 

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар